Алматыда өткір респираторлы-вирусты індетіне шалдыққандар саны көбейіп барады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстанда жыл сайын өткір респираторлы-вирусты індеті (ӨРВІ) мен тұмауға шалдыққандар саны шамамен 1,5 млн. адамға жетеді.
None
None
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Жаңа жылға дейін тұмауға қарағанда ӨРВІ дертін жұқтырушылар саны көбірек байқалады. Қазірде Алматыда осы жұқпалы індеттің белең алғандығы жөніндегі мамандардың болжамы расқа айналып барады. ӨРВІ дерті ақпан айында көбірек тіркеледі деп болжанған болатын, алайда бүгінгі таңда бұл індетке 5 мыңдай қала тұрғынының шалдыққаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дәрігерлердің айтуынша, Алматыдағы бұндай ахуал ауа-райының жылы болуымен және тұрғындар иммунитетінің әлсізденуімен байланысты. Денсаулық сақтау саласының мамандары иммунитетті жақсартуға, дәрумендерді жиірек қолдануға, дене шынықтыру жаттығуларын орындап тұруға, жеке бас тазалығын сақтауға, таза ауада көбірек болуға және жылы киініп жүруге кеңес береді. Ал дерттің алғашқы белгілері байқала бастаған сәтте дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді. Қыс әлі де жалғасуда, суықтық пен күрт жылыну тағы да болып тұрады. Сондықтан тұмаудың белең алуы да әбден мүмкін. Оның алдын алу үшін мамандар вакцинациядан өтуге кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар