Алматыда «Отырар сазы» оркестрінің Жеңіс күніне арналған концерті өтеді

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 5 мамыр күні Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің Жеңіс күніне арналған концерті өтеді.
None
None

Концертке елімізге танымал халық әртістері: Сара Тыныштығұлова, Нұрғали Нүсіпжан, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері: Құрманбек Әлімғазы, Дина Хамзина, Гүлзия Стамбек, Данияр Байжұманов қатысады. Концерт барысында оркестрдің қоржынындағы ең үздік шығармалар орындалатын болады.

Концертке Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылмақ.

Соңғы жаңалықтар