Алматыда ойын алаңында 41 жастағы әйел кішкентай баланы соққыға жықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар ойын алаңында бір әйел баланы соққыға жықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ойын алаңында 41 жастағы әйел кішкентай баланы соққыға жықты

Оқиға 6 шілде күні Алматы қаласы Бостандық ауданындағы «Наурыз» тұрғын үй кешенінің ауласында болған.

«Ойын алаңында 1980 жылы туған әйел 8 жасар баланы ұрып тастады. Ол оның қабырғасынан, басынан, кеудесінен ұрып, буындырды. Көршілері әрең ажыратты. Содан кейін ол баланы қорғаған әйелдерге тап берді»,- деп жазды Facebook қолданушысы Жанна Ахметова.

Полиция департаменті аталған деректің тіркелгенін мәлім етті.

«Бұл мәселе назарда. Барлық қатысушылар бүгін шақырылады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша шаралар қабылданады», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.