15:11, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Алматыда өз анасын өлтірген азамат 12 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлімі, 188 бабының 1 бөлімімен айыпталып отырған Зайцев В.Ю-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Сот үкіміне сәйкес, Зайцев В.Ю. егде жастағы анасымен тұрмыстық ұрыс кезінде анасының кеуде тұсына және ішіне екі рет пышақ салған. Әйел алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Сотталушы анасының мәйітін пәтерде қалдырып, үйден оның 70 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражаты болған төлем карточкасын алып, оқиға орнынан ізін суытқан», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Сот үкімі бойынша Зайцев В.Ю. ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлімі, 188 бабының 1 бөлімімен, 58 баптың 3 бөлімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.