Алматыда өз автобусының валидаторындағы ақшаны ұрлаған көлік жүргізушісі ұсталды
АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірі өз автобусындағы валидаторды бұзып, ішінен 30 мың теңге ақшаны ұрлаған.
"Мұндай арызбен полиция бөлімшесіне қылмыс орын алған автобусқа қарасты ЖШС-нің контролері шағымданды. «Боран-165» патрульдік экипажы бірден сол автобустың жүргізушісін ұстады. Ол бірінші жауап алуда өз кінәсін мойындады. Қазір бұл азаматтың осындай қылмысқа қаншалықты барғандығы анықталуда",-деді Түрксіб ауданының ІІД-нің бастығы, полковник Нұрлан Мошкалов.
Оның айтуынша, бұл іске байланысты жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодекстің 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.