Алматыда өз балаларын қараусыз қалдырған 52 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда балаларын қараусыз қалдырған 52 ата-ана әкімшілік жауапкершіліікке тартылды, - деп хабарлайды Алматы қалалық ІДД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Түнгі қаланың балалары» атты апталық басталған болатын. Шараның алғашқы күні-ақ 52 ата-анаға айыппұл салынған. Оның 10-ы балаларын түнгі ойын-сауық орталықтарына жібергені үшін, 42-і балаларын түнгі қалаға «серуенге жіберді» деп айыпталды.

«Апталықтың мақсаты - жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде ата-анасыз түнгі көңіл-көтеретін орындар мен көшелерде жүрген жасөспірімдерді анықтау. Шараға қалалық ІІД-нің барлық құрылымы қатысуда», - дейді Алматы қалалық өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Серік Кененбаев.

Оның сөзіне қарағанда, тексеру барысында тек бір ғана тәулікте түнгі қаланың 53 жасөспірім «қонағы» анықталған. Олардың үшеуі алкогольдік ішімдікке сылқия тойған. Оларды ойын-сауық орталықтарына кіргізген алты әкімшінің үстінен хаттама толтырылып, сотқа жіберілген. Уақытша бейімдеу орталығына 11 бала жеткізілген.

«Барлық орта білім беретін мектептерде шара аясында лекциялар мен құқық тақырыбында әңгімелесулер өткізілуде. Көңіл көтеретін орындарда кәмелетке жасы толмағандарды түнгі уақытта кіргізбеу туралы тапсырма берілген. Адамдар тұрмайтын ғимараттар мен ойын-сауық орталықтарында рейдтер жалғасатын болады», - дейді С.Кененбаев.

Соңғы жаңалықтар