Алматыда өз еркімен шылымнан бас тартқандарға гүл таратылады

АЛМАТЫ.  5 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 7 наурызда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Мейірімді және сұлулар үшін» әлеуметтік акциясы өтеді.
None
None

Онда «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетінің қазақстандық өкілдігінің студенттері Арбатта өз еркімен темекіден бас тартқан қыздарға гүл шоғын сыйлайды.

«Елбасшымыздың басшылығымен Үкімет Қазақстанның басты даму бағыттарының бірі етіп адам капиталының сапалық өсімін белгіледі. Осыған орай ана мен бала денсаулығына айрықша назар аударылуда. Мемлекеттің өсіп-өркендеуінің кепілі - ұлт саулығы. Сол себепті, біз бұл акцияны еліміздің болашағы болып табылатын әйелдердің денсаулығын қорғауға бағыттап отырмыз», - дейді өкілдіктің директоры Бауыржан Қасымбергебаев.

Статистика бойынша Қазақстанда халықтың 27 пайызы немесе 4,2 миллион адам шылым шегеді. Жыл сайын темекі тартуға байланысты түрлі сырқатпен 25 мыңнан астам көз жұмуда. Темекі эпидемиясының құрбандары негізінен ең еңбекке қабілетті 30-35 жастағы ерлер мен әйелдер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар