17:08, 18 Тамыз 2022 | GMT +5
Алматыда өз ұлын соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды.
Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.