Алматыда өзен жағалауында орналасқан үй тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшіріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзен жағалауында орналасқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге уақытша көшіріледі. Мұндай қауіпсіздік шаралары 1 мамырда орын алған төтенше жағдайдан кейін қолға алынып отыр.

Алматыда өзен жағалауында орналасқан үй тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшіріледі

Айта кету керек, толассыз жауған жауын кесірінен Есентай өзенінің жағалуында орналасқан жекеменшік үйдің моншасы өзенге құлап кеткен болатын.

Оқиға орнына «Қазселденқорғау» ММ, ТЖД, әкімдік өкілдері шықты.

Мамандардың айтуынша, құлаған талдар өзен арнасын бітеп қалған. Салдарынан су деңгейі көтеріліп, ғимарат құлады.

Қалалық ТЖД қауіпті ауданда орналасқан бірнеше үйдің иелеріне уақытша қауіпсіз жерге көшуге кеңес берді.

Ауа райын болжаушылар жақын күндері жауын-шашынның көп түсуі ықтимал деп отыр. Осыған байланысты мамандар өзен арнасының опырылу қаупі әлі де жоғары екендігін ескертіп жатыр.