«Алматыда пәктігінен айырылу» фильмінің прокаттан алынуына даулы оқиғалардың қатысы жоқ - «Арман» кинотеатрының директоры

АСТАНА. 12 сәуiр. ҚазАқпарат   -  Жанна Исабаеваның "Алматыда пәктігінен айырылу" фильмі прокаттан мерзімінен бұрын алынып тасталды. «Арман» киноорталығының атқарушы директоры Бауырдан Шөкеновтің айтуынша, бұл шешім фильмнің көрсетілуі
None
None

кезінде туындаған дау-дамайлардың салдары емес, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Алматыда пәктігінен айырылу» фильмі кейбір кинотеатрлардың прокатынан таза коммерциялық себептерге байланысты алынып тасталды. Мұндай шешімді директорлар кеңесі қабылдайды және оған жекелеген адамдардың тарапынан жасалған әрекеттер мен қорқытулар әсер ете алмайды», - деді «Арман» киноорталығының атқарушы директоры Бауырдан Шөкенов.

«Ия, бірқатар кинотеатрларда фильм прокаттан алынып тасталды, алайда кейбірінде әлі де жүріп жатыр. Бұл жиі кездесетін құбылыс», - деп атап өтті Шөкенов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Жанна Исабаеваның «Алматыда пәктігінен айырылу» фильмі прокатқа шыққан болатын. Режиссердің айтуынша, картина автордың тәжірибелік жұмысы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар