Алматыда пандемия басталғалы коронавирустан 3 мыңға жуық адам көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус басталғалы бері 2 990 науқас көз жұмды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда пандемия басталғалы коронавирустан 3 мыңға жуық адам көз жұмды

«Өкінішке қарай, мегаполисте пандемия басталғалы бері 2 990 науқас көз жұмды. Оның ішінде коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырған науқастар бар»,- дейді Алматының бас дәрігері.

Соңғы бір тәулікте қалада 423 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 394, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 1 477 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 56 бала емделіп жатыр.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 433 пациент бар.