13:41, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда пара алған кеден қызметкері ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кеден бекетінің қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерін ұстады. Оған қатысты азаматтардан арыз түскен.
Қазір экс-кеденшіге ҚР ҚК 366-бабында көзделген қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Өз кезегінде Департамент мамандары мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаларға пара ұсынудың арты қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді.
Көрсеткен қызметі үшін ақы сұраған қызметкерлер болса, Департаменттің 279-29-56, 8 778 918 60 15 сенім телефондарына хабарласса болады.