Алматыда пәтер кезегінде тұрған 8 мыңнан астам адам баспаналы болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі есеп беру кездесуінде қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда пәтер кезегінде тұрған 8 мыңнан астам адам баспаналы болады

2020 жылы қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2948 пәтер бөлінді.

Сонымен қатар, 1 мың жас отбасы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие арқылы баспаналы болды.

Қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен жұмыс істейтін жас мамандар осы бағдарламаға алғаш рет қалада тіркеусіз қатыса алды.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 294,4 мың шаршы метр болатын 3902 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп.

«Биыл мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 8292 пәтер бөлінеді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне – 427 пәтер, көпбалалы отбасыларға – 452, жұмысшы жастарға-1050.Сондай - ақ, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 3578 пәтер, «Кредиттік баспана» бойынша -1411, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша-374 пәтер бөлінеді. «Алматы жастары» бағдарламасы жалғасады, ол арқылы 1 мың жас алматылық тұрғын үй ала алады»,-дейді Бақытжан Сағынтаев.