Алматыда пәтер өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы орталығында пәтер өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, Қабанбай 138 мекенжайы бойынша пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама 13:25-те түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 13:33-те жетті. Қазір олар тілсіз жаумен күресіп жатыр. Толық мәлімет кейінірек болады», - деді С.Баймұхамбетова