Алматыда пәтердегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда төрт қабатты тұрғын үйдің пәтерін өрт шалды. Оны сөндіру барысында бір адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.
None
None

«2016 жылы 24 маусымда 17 сағат 03 минутта Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 226 мекенжайында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында пәтердің өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті.   

Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 17 сағат 12 минутта келіп жетті. Сөйтіп, өртті сөндіруге және бір мезетте тұрғындарды өрт сөндіру сатылары арқылы қауіпсіз аймаққа шығаруға кірісті.  Өртті сөндіру барысында бір адамның мүрдесі табылды. Қазір оның аты-жөні анықталу үстінде.

Барлығы 50 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Ал тілсіз жау 17 сағат 28 минутта ауыздықталып, 17 сағат 37 минутта сөндірілді. Өрттің аумағы - 40 шаршы метрді құрады», - деді С. Баймұханбетова. 

Соңғы жаңалықтар