Алматыда пенопласт өндіретін цех өртенді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алғабас ауданында пенопласт өндіретін цех өртенді. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
«Сағат 13:50-де алматы ТЖД-ның «101» қызметіне Алатау ауданы Алғабас шағын ауданындағы ЖЭО-2 маңындағы цех өртенгені жайлы куәгерлердің хабары келіп түскен. Өрт сөндірушілер 8 минуттан соң сол жерге барды. Олар пенопласт өндіретін цех өртеніп жатқанына куә болған», деді ТЖД ресми өкілі.
Қолға алынған шаралар нәтижесінде өрт сағат 14:08-де беті қайтарылып, 14:21-де толығымен сөндірілген. Жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыған.
ФОТО: caravan.kz