Алматыда перзентхадан жаңа туған нәресте жоғалды
АЛМАТЫ. 22 Қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыдағы №1 перзентханада өткен сенбі күні оқыс оқиға болды, дүниеге жаңа келген ұл бала жоғалды.
Баланың анасы Светлана Шашкованың айтуынша, сәби 17 қараша күні түнгі 23.40 дүниеге келген, ал сенбі күні олар үйге шығуға дайындалған. "20 қараша, сенбі күні таңертең мен баламды емізіп болғаннан кейін, ұйықтап қалған едім, оянған кезімде балам жатқан орнында болмады", -дейді ол.
Баланың ата-аналары ұрланған бала туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан көмек күтеді.