Алматыда пештегі ақаудың салдарынан отбасындағы төрт адамға иіс тиіп, ауруханаға түсті
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Алматыда пештегі ақаудың салдарынан бір отбасының төрт адамы иіс тиіп уланды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға кеше, қарашаның 19-ы күні Түркісіб ауданында Жұмабаев көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде орын алған. Жеке үйлердің бірінде пештегі ақаудан 1959 жылғы отағасы мен 1958 жылғы жұбайына, 24-25 жастардағы екі баласына иіс тиіп, ауруханаға түсті.