Алматыда пештің ақауы салдарынан бес адам, соның ішінде балалар газ иісіне уланып қалды, құрбандар бар - ТЖМ

АНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында пештің ақауы салдарынан бес адам, соның ішінде балалар газ иісіне уланып қалды, құрбандар бар, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Алматыда пештің ақауы салдарынан бес адам, соның ішінде балалар газ иісіне уланып қалды, құрбандар бар - ТЖМ

Оқиға өткен сенбі, 25 желтоқсан күні таңертеңгі сағат бес шамасында Медеу ауданындағы Атырау шағынауданындағы екі пәтерлі тұрғын үйде орын алды. 30 жастағы азамат пен 2010, 2009 және 2005 жылы туған сәбилер ауруханаға жеткізілді, 28-дегі азаматша ауруханаға түскен бойда көз жұмды.