Алматыда Pfizer вакцинасын салдыруға болатын орындардың тізімі жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусқа қарсы екпе салу, соның ішінде Pfizer (Comirnaty) вакцинасымен егу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer (Comirnaty) вакцинасының екінші компонентін алуға болатын медициналық ұйымдардың тізімін жариялады:

1. Алатау ауданы, № 25 қалалық емхана (Дархан ықшам ауданы, Алтай көшесі, 24/1)

Жауапты тұлға: Иманбекова Гүлжан Алтынбекқызы, телефон нөмірі: 8 (727) 351 29 16


2. Алмалы ауданы, №8 қалалық емхана (Тастақ-3 ықшам ауданы, Түркебаев көшесі, 40)

Жауапты тұлға: Дюсенова Гүлдана Малқайдарқызы, телефон нөмірі: 8 (727) 391 28 31,

8 708 970 78 15


3. Әуезов ауданы, №10 қалалық емхана (Ақсай-4 ықшам ауданы, 17 үй)

Жауапты тұлға: Тлекеева Балқия Мазанқызы, телефон нөмірі: 8 (727) 373 28 31


4. Бостандық ауданы, №7 қалалық емхана (Бұхар жырау бульвары, 14)

Жауапты тұлға: Рахманбердиева Салтанат Рахматильдақызы, телефон нөмірі:

8 (727) 312 39 51, 8 778 003 71 41


5. Медеу ауданы, №5 қалалық клиникалық аурухана (Достық даңғылы, 220)

Жауапты тұлға: Рахатова Айнұр Нұрбекқызы, телефон нөмірі: 8 708 273 53 98


6. Жетісу ауданы, №11 қалалық емхана (Айнабұлақ-3 ықшам ауданы, 87)

Жауапты тұлға: Елемесова Аэлина Мекенбайқызы, телефон нөмірі: 8 (727) 252 21 21


7. Наурызбай ауданы, №36 қалалық емхана (Шұғыла ықшам ауданы, 340А)

Жауапты тұлға: Аблимитов Сирдаш Құлдашұлы, телефон нөмірі: 8 747 627 84 96


8. Түрксіб ауданы, №9 қалалық емханасы (Шолохов көшесі, 17)

Жауапты тұлға: Байысбаева Қарлығаш Шыңғысбекқызы, телефон нөмірі:

8 (727) 312 24 86, 8 702 210 19 03, 8 701 165 33 00, 8 747 484 35 33.

«Вакцинация пунктері дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі – демалыс», - делінеді хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтардың 85%-ы вакцина алмағандықтан КВИ жұқтырғаны мәлім болды.

Сондай-ақ, Алматыда вакцина алуға тиіс халықтың саны – 1 313 040 адам екенін хабарлаған едік .

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілетіні хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар