Алматыда полицейлер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін құттықтады

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда қаласының полицейлері  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларды құттықтады. «Балаларға назар аудар» акциясы аясындағы  бұл шара Халықаралық балаларды қорғау күнімен ұштастырылып отыр.

Алматыда полицейлер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін құттықтады

«Біз балаларға дәл осы мереке қарсаңында барып, жетімдік    көрген сәбилерге нағыз мейрам жасап, олардың көңіл-күйлерін көтергіміз келді. Ал бұл дегеніміз нағыз профилактикалық тәрбие деуге болады. Олардың әрқайсысы концерттік бағдарламаға белсене атсалысып, өз қабілеттерін көрсете отырып,  болашаққа деген зор сенімдерін көрсетті. Бұл бүлдіршіндердің арасында болашақ эстрада әртістері, бишілер мен актерлер де бар екен. Тағдыры қиын жасөспірімдердің небір күрделі әдеби шығармаларды жатқа оқығандарына қарап, біз олардың көпшілігінің дұрыс бағыт-бағдар сілтесек болашағы жарқын болады деген байламға келдік», - дейді  ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Шөпшекбаева. Оның айтуынша, қазір онда ересектердің қамқорлығынсыз, панасыз қалған 30-дан астам бала тәрбиеленуде. Олар ондағы тәрбиеленушілерінің ересектеріне  әртүрлі тәттілерден басқа дамыту ойыншықтары мен киімдер, оқулықтар мен көркем шығармалар,  ал  кішкентайларына - ойыншықтар мен мультфильмдер таратып берген.