Алматыда полиция екі интернет-порталдың редакциясында тергеу жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қазақстандық екі интернет-порталдың редакциясында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда полиция екі интернет-порталдың редакциясында тергеу жүргізіп жатыр

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, азамат К. аталған портал қызметкерлерінің жалған ақпарат таратқанына қатысты шағым түсірген болатын. 

«Аталған дерек ҚР ҚК 274-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деді ІІД баспасөз қызметінен.