Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды. 27 жастағы жігіт әкімшілік полиция басқармасында жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ПД хабарлауынша, ол түнгі ауысымнан қайтып келе жатып, Әл-фараби даңғылындағы жерасты жолының қоршауына соғылған.
Жол апатынан ол ауыр жарақат алған.
Дәрігерлердің реанимациялық іс-шараларына қарамастан жігіт жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Полиция қызметкерінің қан талдауынан алкогольді ішімдік табылмады.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.