Алматыда полицияның жас көмекшілерінің слеті өтіп жатыр

         АЛМАТЫ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «Полицияның жас көмекшілері» топтарының 2-ші қалалық слеті өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Шараға қала мектептеріндегі жас көмекшілердің 10 ең үздік тобы қатысуда. Слет қорытындысы бойынша 2009 жылдың ең үздік жас көмекшілері анықталады. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда шараның басты мақсаты полицияның жас көмекшілерінің жұмысының тиімділігін көрсету,  жастарды қоғамда тәртіп бұзушылықты болдырмауды қолдауға жұмылдыру. «Бұл бүгінде өзінің тиімді жұмысын көретіп отыр», дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде қала бойынша 126 мектепте жоғары сынып оқушылары арасында осындай топтар ұйымдастырылған. Олар мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторларына тәртіпті күшейту, мектеп аумағында тәртіп сақтауға көмектеседі. Жыл сайын олардың жұмысын ынталандыру үшін осындай слет өткізіліп тұрады. Онда үздік топтар анықталып, марапатталады.  Бүгінгі шара барысында да  10 топ өзара сынға түсіп,  ең үздік болу үшін күреседі. Слет бүгін аяқталады. Шараны қалалық тәртіп сақтауға ықпал жасау бірлестігі мен «Жас отан» жастар қанаты, «Бүкілқазақстандық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар