Алматыда полицияның жаяу полкі 57 қылмысты ашты
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала 102 патрульдік учаскеге бөлінген.
Қалада жалпы 2020 патрульдеу маршруты сызылған. 478 маршрут бойынша автопатруль шықса, 55 стационарлық поста полиция қоғамдық тәртіпті бақылайды. Қаланы жаяу партульдеуге 1140 полиция қызметкері қатысады.
Олардың жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 57 қылмыс ашылды. 3500 адам жауапкершілікке тартылды.
«19 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланғалы бері жаяу қарауылдау тоқтатылып, жеке құрамның жұмысы карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарына бағытталған болатын. Қазір полиция парктер мен скверлерде, адам көп шоғырланған жерлерде рейд шараларын жүргізуге жұмылдырылған», - деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.