17:15, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Алматыда премьер-лига төрешілеріне арналған семинар өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда УЕФА-ның төрешілер комитетінің мүшесі Йозеф Марконың қатысуымен премьер-лиганың төрешілері мен инспекторларының семинары басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинар шілденің 9-на дейін жалғасады. 3 күн бойы арнайы сабақтар өткізіліп, оған қатысушылар ФИФА ережелері бойынша тест тапсырады. Сондай-ақ «Қайрат-Екібастұз» арасындағы кездесуді тамашалап, өз бағаларын береді.