Алматыда «Президент Жолдауын жүзеге асыру барысын жариялаудағы ақпараттық жұмыс технологиясының ерекшеліктері» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жолдауды жүзеге асыру өз деңгейінде емес. Бұл туралы бүгін Алматыда "Президент Жолдауын жүзеге асыру барсын жариялаудағы ақпараттық жұмыс технологиясының ерекшеліктері" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оны Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастырған болатын. Бұл жиынға саясаттанушылар, ғалымдар, тәуелсіз және мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталықтары мен сараптамалық құрлымдарының өкілдері қатысты.

"Елбасы халыққа арнаған "Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында ел дамуының қорытындысын жасады және болашаққа арналған мақсат-мүдделерді айқындады. Оны жүзеге асыру жан-жақты ақпараттық жұмысты талап етеді. Бұл шара қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды да қамтиды", дейді Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті Есенжол Алияров. Оның айтуынша, бұл жиында Жолдаудың негізгі бөлімдері талданып, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің жағдайы мен оның даму мүмкіндіктері қарастырылады. Сондай-ақ мемлекеттік институттармен жасалатын ақпараттық үрдіс пен ақпараттық контенттің сапасы, БАҚ-пен жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибелік әдістемелердің жай-күйі және даму тәсілдері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар