Алматыда прокуратура 11 колледждің қызметіне тоқтау салды

АЛМАТЫ. 27 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданының прокуратурасы техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде білім беру және лицензиялау заңнамасының орындалуына қатысты тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алматыда прокуратура 11 колледждің қызметіне тоқтау салды

«Прокурорлық актілерді қарау барысында 11 колледжге қатысты әкімшілік айыппұлдар салынып, табылған кемшіліктер жойылғанға дейін олардың мемлекеттік лицензиясының қызметін 6 айға тоқтата тұру туралы шешім шығарылды», - делінеді хабарламада.

Алматы прокуратурасының мәліметтері бойынша, салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 2 798 000 теңге болып отыр.