Алматыда прокуратураның 2009 жылғы және 2010 жылдың алғашқы тоқсанындағы тексеру қорытындылары туралы алқа жиналысы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өткен қалалалық прокуратураның алқа мәжілісінде денсаулық сақтау мекемелерінде және мүгедектер мен қарттар үйлеріндегі бірқатар заң бұзушылықтар талқыланды.
Мәжіліске денсаулық сақтау мекемелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиын прокурордың көмекшісі Олжас Бағжановтың денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізілген ана мен бала денсаулығын қорғау заңдылықтарының орындалуының тексеру қорытындысы туралы есебімен басталды. Оның сөзіне қарағанда, прокуратуралық тексеру кезінде төмендегідей заң бұзушылықтар анықталған: жүкті, босанған әйелдер мен балаларға медициналық қызмет көрсету сапасының төмендігі жайлы фактілер. Емдеу мекемелерінде алғашқы буын кезінде патронаждық байқау клиникалық қарау дәрежесінің төмендігі. Дәрігерлермен кепілді көлемдегі медициналық көмек көрсетілмеуі және кәсіптік бақылау дәрежесінің төмендігі. Жоғары дәрежелі білікті мамандардың тапшылығы, медициналық әрекеттерді арнаулы сертификатсыз жүргізу, арнайы медициналық құралдардың ескірген, ұзақ тұрған, мерзімі өткен түрлерін қолдану. Мемлекеттік сатып алу тәртібін бұзу, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы.
«Тексеру қорытындысы бойынша 700-ден астам заң бұзушылықтар анықталып, оны жою туралы 117 ұсыныс енгізілді. 224 адам - тәртіптік, оның ішінде 13 адам - сыбайлас жемқорлық, 27 адам - материалдық, 61 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 800 мың теңге айыппұл төленді», дейді Олжас Бағжанов.