Алматыда пышақ жарақатынан зардап шеккен әйелдердің жағдайы белгілі болды
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда ер адам пышақтаған әйелдер медициналық жедел жәрдем бригадасымен қалалық №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«23 жастағы С. есімді емделуші ауруханаға кеуде қуысы мен іш қуысына еніп кеткен көптеген шаншып-кесу жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Ол шұғыл түрде реанимация бөліміне жеткізілді. Жағдайы тұрақты ауыр.
52 жастағы Х. есімді емделуші жағдайы бойынша хирургия бөліміне жатқызылды. Бүгінде денсаулығы орташа ауырлықта, нашарлаусыз динамикада. Қажетті стационарлық ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Еске сплайық, Алматы ер адам көшеде екі әйелді пышақтап тастаған еді.