Алматыда регбиден бес ұлттың Азиялық кубогы Жоғары лигасының 8- ойыны өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда регбиден ерлер арасында бес ұлттың Азиялық кубогы Жоғарғы лигасының  Қазақстан мен Корея құрамаларының арасындағы 8-ойыны басталды.

Алматыда регбиден бес ұлттың Азиялық кубогы Жоғары лигасының 8- ойыны өтіп жатыр

Оны  HSBC банк,  Азиалық регби одағы  (ARFU) және Қазақстанның ұлттық регби қауымдастығы (KNRA) ұйымдастырып отыр. Бұл қазақстандық регбишілер үшін аса жауапты кездесу болмақ. Өйткені олар бұл сында қарсыласын басым түссе, Жоғарғы лигадағы өз орнын сақтап қалады, ал жеңіліс тапса төменгі лигаға түсіп қалуы мүмкін. Олар бұған дейін 11 мамырда Дубайда БАӘ құрамасына  - 31:46, ал 28 сәуірде Алматыда Жапония құрамасына  0:87 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Жалпы құрлықтың үздік бес командасы арасындағы Азия кубогы додасы 2016 жылы  Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін біздің олимпиадалық команда үшін алғашқы саты болмақ.