Алматыда «Рэндж Ровер» көлігі өртеніп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қымбат көлік «Рендж Ровер» түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Рэндж Ровер» көлігі өртеніп кетті

Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама кеше сағат 19:49-дар шамасында түскен.

Төтенше жағдай Абай мен Абылайхан көшесінің қиылысында болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті.

«Өрт көліктің мотор бөлігінде тұтанған. Жалын көліктің салонын да зақымдап үлгерді. Тілсіз жау барлығы 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт толығымен 20:03сөндірілді», - деді С.Баймұхамбетова.

Жапа шеккендер жоқ.

Айта кету керек, желі қолданушылары көлік өртенгені жайлы видеоны жариялай бастады. Видеодан белгілі болғандай, көліктің алдында өрт болып, мотор бөліктері біраз уақыттан соң тарсылдап атыла бастаған.