Алматыда «Ресей балет жұлдыздарының» гала-концертi өтті

Тұңғыш рет Абай атындағы атындағы опера және балет театры сахнасында Ресейдің ең үздік деген балет театрларының жарқын жұлдыздары, солистері мен бишілері жиналып, алматылықтарды және қала қонақтарын өнерлерімен сусындатты.
Мерекелік концертте әлемдік балет жұлдызы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты - Фарух Рузиматов (Санкт-Петербург), «Мәскеудің орыс камералық балетіа» труппасының жетекші балеринасы Саяка Такуда, Мариинск театрының солисі Андрей Баталов, Париж бен Лондонды бағындырған «Кремль балеті» театрының прима-балеринасы Александра Тимофеева, К.С. Станиславскйй және В. И. Немирович-Данченко атындағы Мәскеу музыкалық театрының прима-балеринасы Наталья Крапивина, Мариинск театрының бірінші әншісі Анастасия Колегова және Михаил Мартынюк, Георги Смилевски, Данил Корсунцев сынды Ресейдің еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті.
Қазақстандық өнер сүйер қауым назарына ресейлік балет жұлдыздарының орындауындағы «Аққу көлі», «Ромео және Джульетта», «Титаник», «Болеро», «Корсар», «Щелкунчик», «Дон Кихот» қойылымдары ұсынылды.