Алматыда ресейлік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде
АЛМАТЫ. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Орталық көрме залында тұңғыш рет ресейлік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды.
Көрмеге Мәскеу, Петербор, Иркутск, Хабаровск, Владивосток қалаларынан 20-дан аса шеберлердің зергерлік бұйымдары, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің табиғи минералдарының коллекциялары қойылған. Әр шебер өзінің 2000-нан аса зергерлік бұйымдары мен табиғи тастардан жасалған түрлі заттарын ұсынған. Көрмеге келушілер мұнда кәріптас, маржан, анартас, топаз, ақық, хризолит, күлгінтас және т.б. әр түрлі тастардан жасалған алуан түрлі бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып ала алады. Сондай-ақ, кәсіби мамандардан тастардың қасиеті туралы кеңес алып, толығырақ сұрап біле алады.
Аталмыш шараның ұйымдастырушысы Валентина Крамарованың айтуынша, көрме-жәрмеңке ресейлік зергерлік шеберлердің туындыларын көрсету және шығармашылықтарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылуда.