17:16, 18 Ақпан 2010 | GMT +5
Алматыда ресейлік танымал журналист Леонид Парфеновтың «Намедни: наша эра» атты 4 томдық кітабының таныстырылымы өтеді
АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек /- Наурыздың 4 күні Алматыда танымал ресейлік журналист Леонид Парфеновтің «Намедни: наша эра» атты орыс тіліндегі 4 томдық кітабының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға автордың өзі келеді деп күтілуде. Ол наурыздың 3 күні «Намедни» мейрамханасында әріптестерімен өтетін жабық кешке қатысады. Сондай-ақ наурыздың 4 күні БАҚ өкілдерімен кездеспек. Кешкісін «Меломан Гранд» дүкенінде таныстырылым шарасы өтеді.