Алматыда республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

АЛМАТЫ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 28-29 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде география және табиғатты пайдалану факультетінде «География» және «Гидрология» бөлімдері бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Алматыда республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

Онда «География» бөлімі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Оқжетпес» тобы үздік шықты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Алатау» және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Эверест» топтары екінші, Қыздар педагогикалық университетінің «Алмаз», С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университенінің 2 тобы үшінші орын алды.

Ал «Гидрология» бөлімі бойынша жарыс қожайындарының «Есіл»,  «Каспий», «Кактустар» сәйкесінше 1, 2, 3-інші орындарды иеленді.