Алматыда Retro Car көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Retro Car көрмесі ашылды.Алматы қаласының мың жылдық мерейтойына арналған VILLA RETRO CAR III халықаралық көрмесі мен классикалық автомобильдер раллиі Астана алаңында өтуде.

Алматыда Retro Car көрмесі ашылды

Онда алматылықтар мен қала қонақтары Қазақстан мен басқа да елдердің коллекционерлері қолындағы  классикалық автомобильдердің сирек түрлерін көре алады. Сондай-ақ көрермендер Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестр мен Қазақстанның ұлттық черлидринг федерациясының өнерін тамашалай алады. 
Түсте ралли басталды, оған Ресейден келген 10 экипаж да қатысуда. Барлық көліктер VILLA Boutiques & Restaurants көпдеңгейлі кешен аумағында мәре сызығын кесіп өтетін болады.