Алматыда ретро-жұлдыздар "Ретро шлягер" клубына шақырады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 15-і күні ретро-жұлдыздар "Ретро шлягер" клубында бас қосады,

Алматыда ретро-жұлдыздар  "Ретро шлягер" клубына шақырады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мұрагер" продюсерлік орталығы бұл жобаны Алматы телеарнасы, Қазақ радиосы және «Ретро шлягер» клубымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Енді әр айдың екінші жексенбісінде ретро-жұлдыздар "Ретро шлягер" клубында бас қосатын болады. Алғашқы кешке "Алтын дән" ансамблі және Майра Дәулетбақова мен Сембек Жұмағалиев шақырылып отыр. Телеарнаға түсірілетін бұл кешке ай сайын 3-4 ретро-жұлдыздар қатысатын болады", дейді "Мұрагер" продюсерлік орталығының директоры, әнші Ералхан Әбішев. _Қазақ өнерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосуды алдына мақсат етіп қойған өнер ордасы 2007 жылдың сәуір айында құрылған еді. Онда бұған дейін 70-80 жылдардағы өнер жұлдыздарының "Ретро жұлдыздар шақырады" деп аталатын концерттік үлкен жобасы жүзеге асырылған болатын.