Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;

- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;

- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;

- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.

Ал , Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.


Соңғы жаңалықтар