Алматыда рейтингтік агенттіктер туралы халықаралық дөңгелек үстел жиыны өтуде

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Қазақстанның экономикалық трансформациясы және рейтингтік агенттердің бағасы» деп аталатын халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі өтіп жатыр.
None
None

Шараны ҚР Президенті жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырып отыр. Институт директоры Сұлтан Әкімбековтын айтуынша, алқалы жиын «Халықаралық және Қазақстанның рейтинг агенттіктері. Дәрежелеудің әдістемелік негіздері және көрсеткіштері», «Қазақстан экономинасының трасформациясы. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттігінің интегралдық бағалары» деген сессия бойынша өтіп жатыр. Оған мемлекеттік органдарының, рейтинг агенттіктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысуда.

«Бүгінгі шараның басты мақсаты мәселені талқылай отырып, одан қорытынды шығару. Шешім қабылдайтын құзырлы органдарға нақты ұсыныстар жасау. Өйткені елдің стратегиялық дамуы үшін рейтинг агенттіктерінің бағалауы маңызды рөл атқарады», - дейді Сұлтан Әкімбеков.

Соңғы жаңалықтар