Алматыда режиссер Азиз Жамбакиевтің қысқа метражды «Шатырқанат көбелек» көркем фильмінің түсірілімі басталды

Фильмнің режиссері - алматылық Азиз Жамбакиев. Басты рөлдерді Нелли Цай, Қуат Әбешев, Әйгерім Мұстафа сомдайды. Сондай-ақ, бұл кинокартинаға түсуге Әсел Сағатова, Аружан Жазылбекова және Қарлығаш Мұхамеджанова шақырылған.
Ал фильмнің продюсерлері - Азиз Жамбакиевтің өзі және Наталья Расторопнова мен Эдуард Ким.
Пост-продакшн, яғни монтаждау, дыбыстандыру жұмыстары алдағы қараша айларында Мәскеу және Берлин қалаларында жүргізіледі.
Аталмыш туынды әйел затының ішкі дүниесі мен түс көру тақырыбын қозғайды. Мұнда басты кейіпкер - Жанельдің өмірі күн сайын қайталанып келе беретін белгілі бір әрекеттердің жүйесі іспеттес. Бірақ, оның түсі ақыр аяғында оны өзінің әйелге тән нәзіктігін және тағдырын ұғынуға мүмкіндік береді. «Мен үшін классикалық сюжеттен көрі түйсікке құралған кино түсіру маңызды болды. Әрине, әлеуметтік драма немесе мелодрама түсіруге болар еді. Бірақ біз кино тілін пайдалана отырып, әйел тағдырын, оның түйсігіндегі үдерістер мен ішкі жан дүниесін паш еткіміз келді. Бұл мен үшін өте маңызды жұмыс», - деді режиссер. Айта кетелік, Азиз Жамбакиев Берлин кинофестивалінің лауреаты, «Ең үздік операторлық жұмыс» аталымы бойынша күміс аюдың иегері. Азия киноакадемиясының құрметі мүшесі.