Алматыда режиссер Мұрат Ахмановтың балаларға арналған «Наурыз-думан» спектаклінің премьерасы болып өтті

АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер Мұрат Ахмановтың балаларға арналған «Наурыз Думан» атты спектаклінің премьерасы болып өтті.

Алматыда режиссер Мұрат Ахмановтың балаларға арналған «Наурыз-думан» спектаклінің премьерасы болып өтті

Қойылым - Жыл он екі ай ертегісінің негізінде сахналанған. Онда жердің жаңаруы - Наурыз мерекесі, жыл басы жайлы да танымдық түсінік береді. Спектакльдегі қойылым кейіпкерлері - Ай мен Күн, Жыл иелері, Жыл мезгілдері, Қызыр баба, асыл әжелердің жағымды бейнелері арқылы, кішкентай көрермендеріміздің көңілдеріне жарқын жол тауып, олардың ішкі танымдық-сана көздерін, ұлттық-рухтағы таза да мөлдір, тұнық тағылым бастауларын ашады. Мұрат Ахмановтың айтуынша «Наурыз Думан» сахналық ертегісі - «баланы бастан» тәрбиелейтін танымдық тартымды туынды.

Қойылым 16 маусым күні де сахналанатын болады.