Алматыда Ротари күзгі балы болып өтті
АЛМАТЫ. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда Ротари күзгі қайырымдылық балы болып өтті. Бұл қайырымдылық балы осымен оныншы рет болып отыр. Балдан түскен барлық қаржы оқушылар арасындағы жол травматизмнің алдын алу мақсатымен өткізілетін әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқушылардың жол апаттарынан зардап шегуі туралы статистика жан түршігерлік. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің жол полициясы комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылы жол апатынан 199 бала қаза болып, 1 490 бала әртүрлі жарақат алған. Осы апат себептерінің ішіндегі ең жиі орын алатыны - балаларды жолдан өткен кезінде басып кету болып табылады. Мектептер көбінесе көшелердің қилысында орналасады да, оларға қосылатын көше қиылыстарының барлығы бірдей қажетті құралдармен жабдықталмаған, яғни жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам жоқ, жаяу жүргіншілер үшін жолақтар жеткіліксіз мөлшерде, жолды жаяу жүргіншілер жағынан бөліп тұратын қоршаулар жоқ.
Ротари клубы жиналған қаржы есебінен мектептер жанында орналасқан жаяу жүргіншілер өтетін жолдың қауіпсіздігін арттыру үшін бағытталған әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін жұмсауға шешім қабылдады. Бұл жобаны жүзеге асыру аясына жаяу жүргіншілерге арналған асфальтқа арнайы салынатын жол жолақтарын орнату жұмысы кіреді, олар көліктің тежеу жолын қысқартып, ашық-айқын түсінің арқасында көліктің жылдамдығына әсер етеді. Бұл іскер көшбасшылардың біздің қаламыздағы балалардың өмірін сақтау үшін қосқан үлесі болып табылады», - дейді Ротари клубының мүшесі Мария Кельбер.
Жылда өткізілетін Ротари балыныңбағдарламасы биыл да аса бай болды. Салтанаттың ең негізгі жүргізушісі Владимир Рерих болды. Сахнада өткен Гала-концертке де аса көрнекті шығармалар таңдалып, өте жоғарғы деңгейдегі орындаушылар қатысты. Музыкалық көріністердің ең тамашасы аккордеонист Денис Брагинский болды. Әйгілі қазақстандық сәнгерлер Майя Қуандықова мен Балнұр Асанованың сән көрсетілімдері де кештің көркін қыздыра түсті.