Алматыда Роза Әлқожаның алғашқы шығармашлық кеші өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 14-і күні әнші, сазгер Роза Әлқожаның "Мына өмір ғажап қандай" деп аталатын алғашқы шығармашылық кеші өтеді,

Алматыда  Роза Әлқожаның алғашқы шығармашлық кеші өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырып отыр. Кеш барысында әншінің репертуарындағы әндер мен авторлық туындыларынан құрастырылған 2 күйтабақтан тұратын "Мына өмір ғажап қандай" деп аталатын жаңа альбомының тұсаукесері өтеді. «Мен сыйға тартқан орамал», «Сағындым сені», «Бұл өмір ғажап қандай», «Ол көктем оралмайды», «Ару қалам - Астанам» сияқты шығармаларымен ән сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген Роза Әлқожаның бұған дейін «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталатын тұңғыш ән жинағы шыққан болатын. Бұл кешке Қарағандыдан сазгер Болат Қалиев пен ақын Ержан Отаров, Шымкенттен Ақмарал Ілеубаева, Қызылордадан Назгүл Бердіқожа, Алматы облысынан Есенқұл Жақыпбек құрметті мейман ретінде шақырылып отыр.