Алматыда Рухани семинарияның шырақтарды даярлайтын шеберханасында өрт болды
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Рухани семинарияның шырақтарды даярлайтын шеберханасынан өрт шықты.
Хабарламаны ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратты.
Өрт Дорожник шағынауданында орналасқан рухани мекемеде 12 желтоқсан күні, кешқұрым болды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 8 шаршы метрді құрады. Қүрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.