Алматыда рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мәселесіне арналған жиын болады

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 15 қарашада "Аймақтық деңгейде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мәселесі жөніндегі зерттеу қорытындысы және ҚР Бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіру" деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтеді.

Алматыда рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мәселесіне арналған жиын болады

Оны қалалық әкімдіктің қолдаумен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ мен Қазақстан кәсіпкерлер форумы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл алқалы жиынның басты мақсаты мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектор өкілдерін және салалық қауымдастықтар мен кәсіпкерлерді аймақтық деңгейдегі рұқсат беру рәсімдерін түгендеудің қорытындысымен және қолданыстағы кейбір заңдарға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен таныстыру. Сондай-ақ рұқсат беру құжаттарының бірыңғай ұлттық тізімін талқылау болып отыр.