Алматыда рұқсат етілмеген тыңдауға арналған құралды сату әрекеті үстінде тұрғылықты екі азамат ұсталды

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Алматыда рұқсат етілмеген тыңдауға арналған құралды сату әрекеті үстінде тұрғылықты екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«Негізінде, өздерінің құқыққа қарсы әрекеттерін іске асыру үшін күдіктілер 2010 жылдың сәуірінде жаһандық Интернет желісі бойынша электрондық жолақтар арқылы қоректендіру блогымен «трекерлі GSM» деп аталатын техникалық құралдарды сатып алудың тиімді жолын табу жөнінде хабарландыру берген. Ары қарай бұған қызығушылық білдірген адамдармен тапсырыс соммасымен келісіп, құрылғының бір бірлігін 35 мың теңгеге бағалаған. Одан кейін тауар жеткізу мерзімі мен оның шартын пысықтайды. Алдын-ала тергеу барысында анықталғандай, бұл епшіл сатушылар сатып алушылармен көзбе-көз кездескен»,- деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасы «К» бөлімінің бастығы, полиция майоры Александр Нежинский.

Өздерінің кезекті келісімдерін сезіктілер өте тез арада аяқтауды жоспарлаған. Клиентпен Төле би мен Тұрғұт Өзал көшелерінің қиылысында кездесуді белгілеген. Келісім бойынша, сатушылар өздерімен бірге бес тыңдау құралын ала келген. Тауар сомасының барлығын - 175 мың 200 теңгені алу үстінде олар қолға түсті.

«Осы іспеттес тағы үш техникалық жабдық ұсталғандардың бірінің - 39 жасар азамат А.-ның үйін тінту кезінде табылды. Сезіктілер өз кінәларын толығымен мойындады және бұл құралды олар Қытайдан әкелгендерін айтты. Ұсталғандардың біреуі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ал оның «серіктесі» тапсырыс бойынша жиһаз жасайтын жеке кәсіпкер болып шықты. Тәркіленген техникалық құралдар сараптамаға жіберілді»,- деп атап көрсетті майор Нежинский.

Заң тілімен айтқанда, екі пысық алматылықтың әрекеті жариялауға тыйым салынған тыңдауға арналған техникалық құралды заңсыз сатқан. Екі айыпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар