Алматыда С. Мұқанов атындағы гүл бағы қалпына келтірілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысындағы С. Мұқанов атындағы гүл бағы қайта қалпына келтірілді.
None
None

Жаңартылған гүл бағының ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық этномәдени бірлестіктердің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және жастар қатысты. Жиын барысында С. Мұқановтың ұрпақтары бүгінгі жиналған қауымға, Алматы әкімдігіне жазушының рухына тағзым етіп, құрмет көрсеткендері үшін ризашылықтарын білдірді.

Айта кетелік, шағын бақта шөп қабаты жаңартылып, жаңа ағаш көшеттері отырғызылған. Балалар алаңқайы да жаңартылған.

«Бізде «Алматы-2020» қалалық бағдарлама бар. Қала тұрғындарының өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай жасау - сол бағдарламаның басымды бағыттарының бірі. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, қалалықтар үшін ең қолжетімді орындар - саябақтар мен гүл бақтары. Біз қазір бизнес пен қала тұрғындарының қолдауымен көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Қазақстандағы республикалық әзірбайжан этно-мәдени қауымдастығы мен бірқатар компаниялар бұл гүл бағын жаңартуға 100 млн.-ға жуық теңге жұмсады.

90-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылып, суару жүйесі жаңартылды. Бұл үшін Қазақстан халқы Ассамблеясына және компания басшыларына ризашылығымды білдіремін», - деді Б. Байбек.

Айта кетелік, Сәбит Мұқанов атындағы гүл бағы тұңғыш рет 2000 жылы жазушының 100 жылдығы құрметіне арналып ашылған болатын.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар