Алматыда Сафар Шәкеевті іздестіруге ТЖД қызметкерлері де жұмылдырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматыда қазақстандық белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті іздестіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов хабарлады. Оның өзі де іздеу шараларына белсене араласуда.

Алматыда Сафар Шәкеевті іздестіруге ТЖД қызметкерлері де жұмылдырылды

«Қазір, іздеу шарасына төтеншеліктер де келіп қосылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен волонтерлар да бізге көмектесіп жатыр», - деді ол.

Бұған дейін ол іздеу шарасы әл-Фараби даңғылының жоғары жағында, Есентай өзені аумағында жүргізілгендігін айтқан болатын. 

Соңғы мәліметтер бойынша іздестіру жұмыстарына жалпы 110 полиция қызметкері мен  60 волонтер жұмылдырылған. Енді міне, оларға төтеншеліктер де келіп қосылды.