Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан дәстүрлі халықаралық турнир басталды

АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бокстан Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы,  ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін ХVII халықаралық турнирдің жалауы көтерілді.

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін бокстан дәстүрлі халықаралық турнир басталды

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл дүбірлі дода 5 күнге созылмақ. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және  Бирма, Грузия, Катар, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түрікменстан және Украина елдерінен 120-ға жуық былғары қолғап шеберлері қатысуда.

«Бұл жарысқа қазақстандықтар әр өңірден және Армияшылардың орталық спорт клубынан жеке-жеке командалар  болып қатысуда. Спортшылардың арасында ел чемпиондары мен Әлем чемпионатының жүлдегерлері бар. Оған Асқар Абдуллаев, Дәурен Елеусінов, Мейірім Нұрсұлтанов пен әскерилер арасындағы Әлем чемпонатының күміс жүлдегері Берік Әбдірахмановты мысалға келітруге  болады», - дейді Бас төреші, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АІВА) халықарарық дәрежедегі төрешісі Нұрбек Батыров.